Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарЗаң мен тәртіпҚоғам

« Заң мен тәртіп әуенмен»

Павлодардың шығармашыл жастары “Заң мен тәртіп” идеологиясын әсем әуенмен әрледі.

2026 жылғы 5 қыркүйек күні «Ертіс Променад» сахнасында «Отан Ана» атты «Самиян» вокалдық тобының шығармашылық кеші аясында заң мен тәртіп құндылықтарын мәдениет пен өнер арқылы насихаттауға ерекше мән берілді. Жалпы кеш құқықтық сананың  қалыптасуына арналды.

Сценарийде Заң мен тәртіп тақырыбы Отанға деген сүйіспеншілік, отбасы, өзара құрмет, азаматтық жауапкершілік және бейбітшілік құндылықтарымен сабақтастырылды.

Кеш барысында көрермендерге заңды сақтау тек міндет емес, қоғам қауіпсіздігіне қосылатын азаматтық үлес екені жеткізілді.

«ҚОЛДАЙМЫЗ!» интерактиві арқылы қатысушылар заңды құрметтеу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жауапты азамат болу және ел болашағына үлес қосу жөніндегі ортақ ұстанымдарын бәлдірді.

Шығармашылық кештің мазмұны музыка мен өнердің тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалана отырып, көрермендердің құқықтық мәдениетін арттыруға, заңға құрметпен қарауға және қоғамдық жауапкершілікті сезінуге бағытталды.

Сонымен қатар, облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы ұсынған «Заң мен тәртіп» аясындағы видеоролик көрсетілді.

 

 

Сәйкес жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ШИЕЛІ АУДАНЫНДА КҮН-ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Білім берудегі әділетсіздікке тосқауыл: Депутат емтихандарды цифрлық форматқа көшіруді талап етті

zd_admin

Есіл өзеніне 600 мыңнан астам сазан мен ақ амур шабақтары жіберілді