Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Жамбыл облысында қауіпті дрифт жасаған жүргізуші 5 тәулікке қамалды

Жамбыл облысында түнгі уақытта қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын бұзып, көлігімен қауіпті дрифт жасаған жүргізуші анцқталды. Ол — 22 жастағы Өркениет Тилеубаев.

Аталған құқық бұзушылық жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түскен. Полицейлер орталықтың бағыттамасы бойынша көліктің жүрген жерін анықтап, жүргізушіні дер кезінде ұстады.

Жүргізуші түнгі тыныштықты бұзып, өрескел маневрлерімен өзгелердің өміріне қауіп төндіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот қаулысымен құқық бұзушыға 5 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Сәйкес жаңалықтар

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА МОБИЛЬДІК ТОПТЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

zd_admin

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмонға көрмеде көкөністер мен жемістер таныстырылды.

Тэджон қаласымен бауырластық қатынас орнады