Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовостиЗакон и порядок

Жамбыл облысында мал ұрлығымен айналысқан екі топ ұсталды

Ішкі істер министрлігі мал ұрлығына қатысты қылмыстарды анықтау және олардың жолын кесу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

— Сәуір айының екінші онкүндігінде Жамбыл облысы Сарысу ауданында жылқыларды ұрлаумен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды.

Тергеу барысында қаскөйлердің далада қараусыз жайылып жүрген малды алдын ала бақылап, түнгі уақытта Газель көлігімен келіп, малды тиеп алып, көршілес аудандарға апарып, жергілікті тұрғындарға сатқандығы анықталды.

Қазіргі таңда полиция аталған топ мүшелерінің жалпы құны 15 миллион теңгеден асатын 39 жылқыны ұрлағанын дәлелдеді. Барлық күдікті қамауға алынды.

Еске саламыз, мал ұрлығын жасағаны үшін заңнамада мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Мал иелеріне өз малдарын міндетті түрде сәйкестендіріп, қараусыз қалдырмау ұсынылады, — деді ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.

Сәйкес жаңалықтар

Порядка 202 млрд тенге получили многодетные семьи и награжденные матери в виде пособий с начала 2025 года

Более 80 тысяч пользователей поддержали инициативу Общенациональной коалиции в социальных сетях

Развитие логистики и трансграничных хабов