Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовости

Батыс өңірінің су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Батыс Қазақстан облысының су айдындарында арнайы жүзу құралдарын пайдалану арқылы қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, профилактикалық рейдтік іс-шаралар басталды.

Осы жұмыстар судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жазатайым оқиғалардың алдын алуға және төтенше жағдайлардың туындау қаупін төмендетуге бағытталған.

Рейд барысында мамандар демалушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, су айдындары маңында сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертуде. Сонымен қатар балаларды қараусыз қалдырмау және құтқару кеудешелерін пайдалану маңызды екені ерекше атап өтілуде.

Сәйкес жаңалықтар

Авиакомпания Cargolux возобновляет рейсы в Казахстан

Коалиция: предстоящий референдум станет историческим событием

Рыбакина назвала причину поражения в 1/4 финала Уимблдона