«Бейбіт күн тілегі» атты шығармашылық концерті өтті

0
12

Жаркент қаласындағы Панфилов ауданы әкімдігінің мәдениет үйінде Қазақ өнерінің қайраткері, Қырғыз мәдениетінің инсаны Эльмира Дәуренбекованың «Бейбіт күн тілегі» атты шығармашылық концерті жоғары деңгейде өтті.

Концерт барысында Эльмира Дәуренбекова өз репертуарындағы таңдаулы әндерді орындап, көрермендерге рухани ләззат сыйлады. Кештің қонақтары ретінде танымал өнерпаздар өз өнерлерің паш етті:

– Гүлнұр Нұрасыл

– Есхат Нұрәлі

– Гүлім Ахман

– Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының бишілер ансамблі

Кештің әрбір өнерпазы өз өнерлерімен көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, концерттің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосты.

 Концерттің ерекшелігі «Бейбіт күн тілегі» концерті – өнер мен мәдениеттің бейбітшілік пен татулықты насихаттаудағы рөлін айқындайтын шара болды. Кеш барысында дәстүрлі және заманауи музыкалық шығармалар орындалып, көрермендерге рухани әсер қалдырды.

Кеш соңында көрермендер ыстық ықыластарын білдіріп, шапалақпен қошемет көрсетті.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ