Бектенов облыс әкімдеріне ауылдағы медициналық нысандардың құрылысын ширатуды тапсырды
– Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов бірнеше обылстың әкіміне ауылдағы медициналық нысандардың құрылысын ширатуды тапсырды.
«Ауыл медицинасы жаңа медициналық мекемелер мен білікті мамандарға мұқтаж. Сондықтан ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту ұлттық жобасын сапалы іске асыру біздің алдымызда тұрған басты міндеттердің бірі. Ұлттық жобаны іске асу барысын біз ақпан айында қарағанбыз. Ол кезде бекітілген кестеден біршама артта қалу байқалған болатын. Соған сәйкес тапсырмалар берілген. Бүгін көріп отырғанымыздай, ауқымды жұмыс жүргізілген. Жобалау-сметалық құжаттардың бәріне мемлекеттік сараптама қорытындысы толықтай берілген. Мердігер компаниялар айқындалып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді ол.
Айтуынша, Үкімет ұлттық жобаны іске асыруға 60,3 млрд теңге бөлген.
«Оның 21 млрд теңгеден астам бөлігін өңірлер алып үлгерді. Қазір қалған нысандарды қаржыландыру мәселесі пысықталып жатыр. Әкімдіктер барша нысандардың құрылысын уақтылы әрі сапалы жүргізу үшін күнделікті бақылауды күшейту керек. Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, батыс Қазақстан және Жетісу облыстары әкімдерінің назарын осыған аударғым келеді. Құрылыс маусымы әсіресе солтүстіктегі өңірлерде тез аяқталатынын ескеру керек. Барлық нысандар белгіленген мерзімде пайдалануға берілуге тиіс. Бұл ретте құрылыс жұмыстарының нормативтік талаптарды сақтауын да қамтамасыз ету керек», – деді Үкімет басшысы.
Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656
Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657
Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658