Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Образование

Ел мектептерінде соңғы қоңырау 25 мамырда соғылатын болды

Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

 — Бұған дейін еліміздегі су тасқынына байланысты соңғы қоңырау салтанаты өткізілмейтіні айтылған-ды. Бұл ақпарат қоғамда біраз талқыға түсіп, көпшілігі қарсылық танытты. Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің аппараттық отырысында министр Ғани Бейсембаев еліміздегі 186 мың мектеп бітіруші үшін оқу жылының аяқталуына арналған соңғы қоңырау шарасын 25 мамырда өткізуді тапсырды.

«Биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталатынын қатаң ескертемін. Осыған орай оқу бағдарламасын жыл бойына табысты меңгерген 3,8 миллионнан астам оқушы келесі сыныптарға көшірілсін. Мектептің 1-10 сынып оқушыларына «Білімім Отаныма» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағатын өткізу 24 мамыр жұма күніне жоспарлансын. Бұл былтырғы жылдың қыркүйек айында енгізілген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» шеңберінде қабылданған жоспарға сәйкес ұйымдастырылуы тиіс. Әріптестеріміздің ұсынысы бойынша елімізде мамыр айында «Ынтымақ айы» айлығын өткізу жоспарланған. Оның аясында «Таза Қазақстан», «Игі істер», «Каникулда кітап оқиық» және басқа шаралар қарастырылған. Сонымен қатар, еліміздегі 186 мың мектеп бітіруші үшін оқу жылының аяқталуына арналған соңғы қоңырау шарасын 25 мамырда өткізуді тапсырамын», — деді министр.

Жиын барысында Ғани Бейсембаев төтенше жағдай кезінде эвакуациялық пункте балалар мен тұрғындарға психологиялық көмек көрсеткен 400 ден астам мектеп психологы, өз міндетін атқара жүріп, келген қиындықты елмен бірге еңсеруге қатысқан 29 мыңнан астам педагог пен білім саласы қызметкерлерінің өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтті.

Сәйкес жаңалықтар

В Казахстане закроют 700 программ и запустят новые: Аида Балаева сделала видеообращение о трансформации образования

Человек как главный ресурс: как меняется идеология развития страны

Казахстан вошёл в число стран Европы и Центральной Азии, где родители всё реже прибегают к насильственным методам воспитания — снижение с 53% до 38%