Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетҒылым-Білім

Кітапханалар заманауи цифрлық шешімдерге көшуде

gov.kz

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы білім беру ұйымдарының кітапханалық қызметін жаңғырту, оқырман мәдениетін дамыту және ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту мақсатында бірқатар заманауи ақпараттық жүйелерді әзірлеп, қолданысқа енгізуде.

Бұл цифрлық платформалар кітапхана қорын тиімді басқаруға, оқырмандарға сапалы қызмет көрсетуге, электронды ресурстарды кеңінен пайдалануға және білім беру үдерісін қолдауға бағытталған. Сонымен қатар, жүйелер білім алушылардың оқу белсенділігін арттыруға, талдау мен мониторинг жүргізуге, кітап оқуды насихаттаудың жаңа форматтарын дамытуға мүмкіндік береді.

Аталған ақпараттық шешімдер білім беру ұйымдары кітапханаларының жұмысын біріздендіріп, цифрлық трансформация талаптарына сәйкес заманауи қызмет көрсету моделін қалыптастыруға ықпал етеді.

Сәйкес жаңалықтар

Алматылық смогтан жасалған сия, велошредер және қайта өңделген пластиктен жасалған шахмат

Зеленский Трамппен кездесу үшін АҚШ-қа барды

Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VIIІ Консультативтік кездесуіне қатысты