Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Образование

Әлеуметтік көмек көрсетуді ұсынды

ҚР Парламенті Мәжілісінде ұсынылған жаңа заң жобасында жекеменшік мектептерде әлеуметтік осал отбасылар санатындағы балаларға әлеуметтік көмек көрсетуді енгізу көзделген, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын таныстырды. Заң жобасында бес новелла қарастырылған, олардың бірі әлеуметтік осал отбасылардың шыққан санатындағы балаларды қамтиды.

«Жеке мектептерде оқитын әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде әлеуметтік көмек көрсету көзделеді. Бүгінгі таңда жалпыға бірдей білім беру аясында мемлекеттік мектептерде оқитын әлеуметтік санаттағы 500 мыңнан астам балаға киім, мектеп керек-жарақтары мен тамақ сатып алуға көмек көрсетіледі. Әлеуметтік санаттағы барлық балаларға көмек көрсету мақсатында меншік нысанына қарамастан мектептерде көмек көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың құзыреті енгізіледі», — деді Ғани Бейсембаев.

Таныстыру барысында министр заң жобасының басқа да жаңалықтарына тоқталды. Бұл — қосымша білім беру ұйымдары үшін рұқсат құжаттарын ұсына отырып, өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама тәртібін енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында онлайн-оқыту мен академиялық ұтқырлық қағидатын енгізу.

Сәйкес жаңалықтар

Исторический триумф Казахстана: пять золотых медалей на самой престижной олимпиаде по физике

Пять лет трансформации стали новой точкой роста спортивного образования Казахстана: состоялось торжественное открытие Казахского национального университета спорта

В Костанае пройдет масштабный семейный научно-инновационный фестиваль «QOSTANAI TECH»