Биыл Астанада 50-ден аса көше жөнделеді

0
174
Фото: zakon.kz

Биыл елордада жалпы ұзындығы 60 шақырым болатын 50-ден аса көше жөнделеді, деп хабарлады Астана қаласының әкімдігі.

Жөнделетін көшелердің тізімі төменде:

  • Тәшенев көшесі Республика даңғылынан Амман көшесіне дейін;
  • Бауыржан Момышұлы даңғылы Тәуелсіздік даңғылынан Қошқарбаев даңғылына дейін;
  • Қажымұқан Мұңайтпасов көшесі Тәуелсіздік даңғылынан Мағжан Жұмабаев көшесіне дейін;
  • Нұрғиса Тілендиев даңғылы Қ. Күмісбеков көшесінен Ақан сері көшесіне дейін;
  • Тұран даңғылы Керей Жәнібек хандар көшесінен Жұлдыз айналымына дейін (2023 жылы Тұран даңғылы бойынша Тұлпар көпірінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаске жөнделген);
  • Кенесары көшесі Евгений Брусиловский көшесінен Әлмұқан Сембинов көшесіне дейін;
  • Сарайшық көшесі Түркістан көшесінен Тұран даңғылына дейін;
  • Сарыарқа даңғылы Тарас Шевченко көшесінен Абай даңғылына дейін;
  • Қараөткел көпірі Көлік айрығынан Қабанбай батыр даңғылына дейін және тағы басқа.

Сондай-ақ қаланың 200 көшесінде шұңқырларды жөндеу және жол белгілерін қою жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар қаланың бірқатар көшесінде табылған ақауларға байланысты осы учаскелерге жауапты мердігер ұйымдар кепілдік міндеттемелеріне сәйкес, жол төсеміндегі кемшіліктерді жоятынын еске саламыз:

  • Еңлік Кебек көшесі Сұлтан Бейбарыс көшесінен Болашақ көшесіне дейін – «РЕКМА КЗ» ЖШС;
  • Жетіген көшесі Александр Пушкин көшесінен Жаһанша Досмұхамедұлы көшесіне дейін – «Сотис групп» ЖШС;
  • Амангелді Иманов көшесі Адольф Янушкевич көшесінен Шоқан Уәлиханов көшесіне дейін – «Айя Сервис» ЖШС;
  • Алаш тас жолы жол өтпесінен Жолымбет көшесіне дейін – «Айя Сервис» ЖШС;
  • Жеңіс даңғылы Есенберлин көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін – «Сотис групп» ЖШС;
  • Рақымжан Қошқарбаев даңғылы Қордай көшесінен Мұқан Төлебаев көшесіне дейін – «Сотис групп» ЖШС;
  • Мәңгілік ел даңғылы М1 көпірінен Бұқар жырау көшесіне дейін – «Компания Энергодор» ЖШС;
  • Қабанбай батыр даңғылы Сарайшық көшесінен Қорғалжын тас жолына дейін – «Сотис групп» ЖШС.

Мұндай тәжірибе мердігерлер сапасыз жұмысты қайта жасаған кезде белсенді қолданылады. Сондай-ақ 20-дан аса ірі нысанды іске асыру жоспарланып отыр. Олардың бір бөлігі биыл аяқталады.

Сонымен қатар биыл 5 сәуірден бастап Дінмұхамед Қонаев көшесі арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі жабылады.

Елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Қонаев көшесі арқылы «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрының жанындағы жаяу жүргіншілерге арналған көпір толық жабылады.

Демонтаждау жұмысы кезеңінде Қонаев көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі жол бөлігі жабылатын болады.

Қала инфрақұрылымын жаңарту елорда тұрғындары мен қонақтары үшін жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, — деп жазылған хабарламада.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • Taza Astana: Астанада жыл басынан бері 215 заңсыз полигон жойылды


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213