Биыл резидентураға бөлінетін гранттар саны 70 пайыз өсті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында үш жыл ішінде резидентурада оқуға берілетін гранттардың жыл сайынғы саны 70 пайыз артатынын айтқан болатын. Осылайша, биыл гранттар саны 70% – 1500-ден 2500-ге дейін өсті.
Мамандар жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім берудің 47 бағыты бойынша дайындалады.
Оның ішінде негізгілері:
- Акушерлік және гинекология – 214;
- Анестезиология және реаниматология – 200;
- Неонатология – 119;
- Терапия – 115;
- Жалпы хирургия – 98;
- Неврология – 92;
- Психиатрия – 88;
- Оториноларингология – 83;
- Кардиология – 78;
- Офтальмология – 66;
- Жұқпалы аурулар – 63;
- Травматология-ортопедия – 62;
- Эндокринология – 55;
- Қалғандары – 1 167.