Біздің табиғи байлықтарымыз — ел игілігі ғана емес, халық денсаулығын нығайтудың және медициналық туризмді дамытудың стратегиялық құралы

0
18

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі медициналық туризмнің негізгі бағыттарының бірі ретінде санаторлық-курорттық аймақтарды дамытуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруда.

Медициналық туризмді дамыту аясында жыл бойы емдік-сауықтыру қызметтерінің ұсынысын кеңейту мақсатында медициналық ұйымдар, санаторийлер мен туроператорлар арасында ынтымақтастықты нығайту көзделген.

Бүгінде Қазақстанның санаторлық-курорттық ұйымдарына жыл сайын шамамен жарты миллион адам келеді. Алдағы жылдары бұл көрсеткішті инфрақұрылымды жетілдіру, «Kazakhstan Health Travel» брендін ілгерілету және шетелдік пациенттерді тарту арқылы арттыру жоспарлануда.

«Біздің табиғи байлықтарымыз — ел игілігі ғана емес, халық денсаулығын нығайтудың және медициналық туризмді дамытудың стратегиялық құралы. Қазақстан Орталық Азиядағы санаторийлік-курорттық емдеудің орталығына айналуға толық әлеуетке ие»,

деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бүгін Астанада өткен «Қазақстан Республикасындағы медициналық туризмді дамыту: болашағы мен мүмкіндіктері» атты алғашқы халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде.

Форум барысында атап өткендей, еліміздің стратегиялық артықшылығы — қайталанбас табиғи-климаттық әлеуетінде. Таулы аймақтың таза ауасы, емдік көлдер, минералды және термалды сулардың бірегей үйлесімі шетелдік пациенттер мен медициналық туристердің ерекше қызығушылығын тудырады.

Осы табиғи факторлар қалпына келтіру медицинасы, оңалту және аурулардың алдын алу салаларын біріктіретін маңызды негізге айналуда.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ