Бизнес шет қалмауы керек: Астананың кәсіпкерлері ауқымды экологиялық акцияға қолдау білдірді

0
88

13 сәуірде елордада қаланы санитарлық тазалауға, абаттандыруға және көгалдандыруға бағытталған «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды экологиялық акция басталды. Кәсіпкерлік нысандардың 5 мыңнан астам өкілі – кәсіпорындар, шағын және орта бизнес субъектілері, сауда орталықтары, салондар, кафелер, дүкендер, басқа да жеке компаниялар мен ұйымдар өз объектілеріне іргелес аумақтарды қоқыстан тазартуға үлес қосты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осы апта «Таза өлке» деген атаумен өтіп жатыр. Өз аумақтары мен аулаларын тазалауға қала тұрғындары, еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, шағын және орта бизнес субъектілері (базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары, кафелер, мейрамханалар және т.б.), еріктілер, оқушылар мен студенттер, МИБ (ПИК) және т.б. шықты.

Қатысушылардың айтуынша, іс осымен тоқтап қалмайды: «Біз болашақта осындай іс-шараларды өткізіп, оған атсалысамыз. Игі іс жасау қашанда жақсы. Біз өз қаламызды өте жақсы көреміз және оның таза әрі әдемі болғанын қалаймыз», – деп атап өтті елордалық кәсіпкер Нұрия Сәдуақасова.

Ол кәсіпкерлерді көршілес аумақтарға да назар аударуға және тазалауға, ал тұрғындарды сыртқа шығып, аулаларын тазартуға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды. Ауқымды экологиялық акция бес аптаға созылады, олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған.

Бірінші апта «Таза өлке» деп аталады. Алғашқы аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды тазартады.

Екінші аптаға «Киелі мекен» атауы беріліп, тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмысына бағытталады.

Ал 20-27 сәуір аралығындағы «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызуға, оларды ақтауға арналады.

4 мамырға дейінгі кезең «Өнегелі ұрпақ» деп аталады және ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумағын тазалауға және абаттандыруға арналады.

Соңғы, бесінші аптада «Мөлдір бұлақ» деп аталатын су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ