Боксшы Санжар Тәшкенбай әскерге аттанды

0
321
фото: әлеуметтік желіден

Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай ҚР Қарулы Күштері қатарына қабылданды.

Боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында әскери бөлімде ант қабылдап жатқан суретін жариялап, «Отанды сүю – иманнан» деген жазба қалдырды.

Айта кетейік, осы жылдың мамыр айында Ташкентте өткен әлем чемпионатында қазақстандық боксшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарған болатын.

Сонымен қатар 20 жастағы қазақстандық боксшы Иордания астанасы Амманда өткен 2022 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ