Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін жартылай финалда кімдер жұдырықтасады?

Бүгін Қазақстанның бес боксшысы Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалдық кезеңінде жұдырықтасады, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Түстен кейінгі сессия А рингінде өтеді және Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады.

Екінші жұпта Санжар Тәшкенбай (48 келі) ресейлік Эдмонд Худоянмен, үшінші жұпта Махмуд Сабырхан (54 келі) кубалық Йосвани Вейтиамен, жетінші жұпта Дулат Бекбауов (67 келі) грузин Лаша Гурулимен кездеседі.

Сағат 19:00-де В рингінде өтетін кешкі сессия басталады.

Жетінші жұпта Асланбек Шымбергенов (71 келі) үндістандық Дев Нишантпен, оныншы жұпта Нұрбек Оралбай (80 келі) ресейлік боксшы Имам Хатаевпен жұдырықтасады.

Жекпе-жектің тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасынан көрсетіледі.

 

Сәйкес жаңалықтар

ТЖМ қызметкері BJJ халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды

Әлем чемпионына құрмет: астаналықтар Едіге Ембердіні әуежайдан қошеметпен қарсы алды

Астаналық спортшы World Boccia Challenger 2025 турнирінің күміс жүлдегері атанды