Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-Білім

ҰБТ тапсыруға өтініш қабылдау басталды

Ұлттық тестілеу орталығы тіркелу 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында www.app.testcenter.kz сайтында жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҰБТ-ға:

2023 жылғы мектеп және колледж түлектері;

мектеп және колледждің былтырғы түлектері;

шетелде 11(12)-сынып білім алушылары;

қандастар;

шартты түрде оқып жатқан студенттер қатыса алады.

2023 жылғы мектеп түлектері ҰБТ-ға тегін қатысады, қалған тұлғалар үшін тестілеуге қатысу құны – 4 230 теңге.

Талапкерлер ҰБТ-ға тіркелетін кезде тестілеу өтетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.

Тестілеуді 2 рет тапсырып (екі сертификат та жарамды), ең үздік нәтижемен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға болады.

Талапкерлер 28 сәуір мен 6 мамыр аралығында ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігіне, 7 мамыр мен 14 мамыр аралығында екінші мүмкіндігіне өтініш бере алады.

Сәйкес жаңалықтар

NU білім беру жүйесін түбегейлі өзгертті – министр Саясат Нұрбек

zamandas69@mail.ru

Алматы сапалы білім мен қолжетімді денсаулық сақтауға инвестиция құйып отыр

Павлодар облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында алғашқы мектеп ашылды