Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарСпорт

Дастан Сәтпаевқа «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы табысталды

фото:gov.kz

Алматыда ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қайрат» футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаевқа «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын табыстады. Танымал қазақстандық спортшы 2025 жылғы сыйлықтың «Спорт» номинациясы бойынша лауреаты атанды,-деп хабарлайды zamandas.kz.

Матчтарға қатысуына байланысты Дастан Сәтпаев 2025 жылғы 26 қарашада өткен «Дарын» сыйлығын тапсыру рәсіміне қатыса алмаған болатын.

«Сіз бүгін жоғары нәтиже көрсетіп қана қоймай, өскелең ұрпаққа үлгі болып жүрсіз. Балаларды спортқа, футболға баулып, салауатты өмір салтын насихаттауда еңбегіңіз зор. Президентіміз айтқандай, кез келген еңбек қадірлі әрі ел игілігіне қызмет етеді. Спорт – салауатты өмірдің негізі, ол адамды биік белестерге жетелеп, ел абыройын асқақтатады. Жетістіктеріңіз жастарға үлгі болып, бұл марапат сізді жаңа белестерге жетелей берсін», – деді Аида Балаева.

Айта кетейік, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет және спорттағы жоғары жетістіктері үшін талантты жастарға табысталады.

Сәйкес жаңалықтар

АЛҒАШҚЫ ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛІК ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

zd_admin

Қызылордада көкпардан ҚР чемпионаты өтіп жатыр

Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығына барды