Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының иегері анықталды
Әдебиет саласындағы 2021 жылғы Нобель сыйлығын Танзания жазушы Абдулразак Гурна алды.
Гурна осы жылғы Нобель сыйлығын колониализм салдары мен босқындардың тағдыры туралы жазғаны үшін алды.
Абдулразак Гурна 1948 жылы Үнді мұхитының Занзибар аралында туып өскен. Ол Англияға босқын ретінде 1960 жылдардың соңында жер аударған. Гурна он роман мен бірқатар әңгіме жариялаған. Оның барлық жұмыстарына босқындардың қатал тағдыры арқау болған.
Айта кетсек, 1901 жылдан бастап Әдебиет бойынша 114 Нобель сыйлығы табысталған. 2020 жылы аталмыш номинация бойынша сыйлықты америкалық ақын Луиза Глюк алған.