«Делдалдар жойылды». Қызылордада ауруханалар 6 млн теңгеден аса қаржыны үнемдеді

0
141
Фото: ҚМА

Қызылордада ауруханалар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды (ӘМАТ) жеткізетін делдалдарды жою нәтижесінде 6 млн теңгеден аса қаржыны үнемдеді, деп хабарлады ҚМА.

Өңірдегі 3 аудандық ауруханада («Облыстық фтизиопульмонология орталығы», «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» және «№1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы») ҚМА аумақтық басқармасымен жүргізілген тексеру нәтижесінде азық-түлік жеткізу тізбегінен делдалдар алынып тасталды

Бұған дейін мемлекеттік мекемелер ӘМАТ-ты жоғары бағамен сатып алып, бюджет қаражатын негізсіз жұмсаған.

Көтерме сатушылармен және өндірушілермен тікелей келісімшарт жасалғаннан кейін ӘМАТ тізбесінің 11 атауы бойынша бағаның төмендеуі қамтамасыз етілді.  Мысалы, картоп (210 теңгеден 129 теңгеге), сәбіз (205 теңгеден 147 теңгеге), қырыққабат (180 теңгеден 160 теңгеге) және қант (499 теңгеден 430 теңгеге дейін) арзандады. Осылайша, 6 млн теңгеден асатын бюджет қаржысы үнемделді, – деп жазылған хабарламада.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз