Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ДенсаулықЖаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА «МЕЙІРГЕР ІСІ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША «MEDSKILLS ZHETYSY-2025»ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Мемлекет Басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде Талдықорғанда алғаш рет ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреті бойынша «Medskills Zhetysy-2025» республикалық чемпионаты өтті. 

Еліміздің барлық өңірлерінен келген 3-4-курс студенттері Талдықорған жоғары медициналық колледжінің базасында чемпионаттың 15 алаңында стандартталған пациенттердің қатысуымен моделденген нақты клиникалық жағдайларда дағдыларын көрсетті.

Конкурстық тапсырмалардың негізгі бағыты дәлелді күтімге және мейіргер процесін кешенді басқаруға — білікті практикаға бағдарланған мейіргердің жұмысшы мамандығының негізгі құрамдас бөліктеріне аударылды:

А модулі (Стационар): мейіргерлік көмек көрсету және пациентті аурухана жағдайында үйрету.

В модулі (Емхана): денсаулық сақтаудың бастапқы буынындағы тиімді жұмыс.

Модуль С: Жұмыс орнын дайындау және күрделі емшараларды орындау шеберлігі.

Халықаралық стандарттардың объективтілігі мен қатаң сақталуын 45 сарапшыдан тұратын команда қамтамасыз етіп, практикалық дағдыларды тәуелсіз бағалаудың маңыздылығын атап өтті.

«Medskills Zhetysy-2025» чемпионаты Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі жұмысшы мамандығы ретінде кәсіби дағдыларды дамыту, тәжірибе алмасу және мейіргер ісінің имиджін нығайту үшін қуатты платформаға айнала отырып, өз миссиясын сәтті орындады.

Сәйкес жаңалықтар

🔹Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Алматыда Халықаралық әйелдер күніне орай «Сен үшін» авторлық концерті өтті

ШҚО-да «Шығыс Салбурыны-2025» фестивалі өтеді