Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЗдоровьеОбщество

Қызылорда қаласында Қан орталығы ашылды

фото: primeminister.kz

Салтанатты ашылу рәсіміне Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Сенат депутаттары Руслан Рүстемов пен Наурызбай Байқадамов қатысты

Үкіметтің мәліметінше, ғимараттың құрылысына республикалық бюджеттен 2,7 млрд теңге бөлінді. Ескі қан орталығы облыстық көпсалалы медициналық орталықтың ғимаратында орналасқан болатын. Қызметкерлер «ондай тығыз жағдайда жұмыс істеу қиын болды» деп еске алады.

Бүгін біз жаңа Қан орталығының ашылу салтанатына куә болып отырмыз. Жылына 10 мың адамға қызмет көрсете алатын нысан аймақ үшін үлкен маңызға ие. Біздің басты мақсатымыз — ұлт денсаулығын сақтау. Дені сау ұлт — мемлекетіміздің дамуының кепілі, — деді вице-премьер.

Тамара Дүйсенова сөз барысында мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан денсаулық сақтау саласындағы шаралар туралы да айтты. Президенттің тапсырмасы бойынша «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы іске асырылып жатыр. Екі жыл ішінде елді мекендерде 655 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысандарын салу көзделген. Аудандық ауруханалар да жаңғыртылады.

Қызылорда облысында жыл сайын өңірдің 10 мыңнан астам тұрғыны донорлық қан тапсырады. Орталықта медициналық ұйымдардың сұранысы бойынша қан компоненттерінің шамамен 17 мың дозасын дайындау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар іс-шарада өңірдің 11 медициналық мекемесінің басшыларына 70 санитарлық автокөліктің кілті табысталды.

Сәйкес жаңалықтар

Общественники и депутаты требуют проверить зоозащитные организации

Проект новой Конституции является уникальным историческим документом – Айдос Сарым

Покоряя вершины на пути к намеченной цели: команда «Құрылтайға жол» достигла Шыганака