Депутат соңғы қоңырауды басқа күнге ауыстыруды ұсынды

0
86

Мәжіліс депутаты Аманжол Алтай мектептердегі соңғы қоңырау күнін кейінге шегеруді ұсынды.

«Ел тарихында қазақ халқының тағдырына қауіп төндіретін қиыншылықтар мен зұлматтар көп болды. Қазақ халқын жоюға бағытталған осындай сұмдық әрекеттердің бірі – Кеңес өкіметі тұсында әдейі ұйымдастырылған ашаршылық пен қазақ қайраткерлерінің жазықсыз жер аударылуы. Дәл осы сұрапыл жылдарды есте қалдыру және сабақ алу мақсатында 31 мамыр ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды», деді Аманжол Алтай Мәжілістің жалпы отырысында.

Дегенмен, депутат атап өткендей, қазақстандықтардың қазір «көрнекті қайраткерлердің есімдерін еске алып, миллиондаған адамдардың сұмдық тағдырын ой елегінен өткізіп» лайықты құрмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ. Депутат бұл күні азаматтар тарапынан қуғын-сүргін құрбандарына тағзым ету ескерткіштер мен мемориалдарға гүл шоқтарын қоюдан әрі кетпейтінін баса айтты.

«2022 жылдың 12 тамызындағы 363−бұйрығына сәйкес жалпы білім беретін мектептерде 36-шы оқу аптасы 31 мамырда аяқталады. Мектептердегі соңғы қоңырау күнін 30 мамырға, тіпті 1 маусымға ауыстыру керек. Бұл ешқандай талқылауға шыдамайтын әділ талап», деді Мәжіліс депутаты.

А. Алтайдың пікірінше, мынандай шараларды қолдану қажет:

– дәстүрлі түрде Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне бір минут үнсіздік жариялау;

– бұл күні телеарналардан сол кездегі оқиғалар туралы мазмұнды бағдарламалармен алмастырып, әзіл-ысқақ шоу бағдарламалар мен эстрадалық концерттерді бермеу;

– БАҚ беттерінде айтулы датаның тарихи салмағын, ғибратты мәнін жан-жақты жеткізетін мақалалар жариялау;

– мектептердегі соңғы қоңырау күнін 31 мамырға ауыстыру.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ