Дэвид Кэмерон Астанаға ресми сапармен келді
– Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Сыртқы істер, Достастық және халықаралық даму министрі Дэвид Кэмерон Астанаға ресми сапармен келді.
Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінен мәлім болды.
Осыған дейін 24-25 сәуірде Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Сыртқы істер, Достастық және халықаралық даму министрі Дэвид Кэмеронның Қазақстан Республикасына сапары өтетіні хабарланды.
Астанада Д.Кэмерон мемлекет басшылығының қабылдауында болып, Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер өткізеді.
Сапар аясында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өзекті өңірлік және халықаралық тақырыптарды талқылау жоспарланып отыр.
Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деген жоспар бар.
Сондай-ақ «Дэвид Кэмерон Қазақстанға не үшін келе жатыр», деген тақырыппен көлемді сараптамалық материал жарияланды.