Дональд Трамп негізгі жеті штаттағы сайлауалды жарыста Джо Байденнен алда келеді

0
96
Фото: Pixabay

Bloomberg жаңа сауалнамасы АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 2024 жылғы сайлауалды жарыста жеті негізгі штатта Джо Байденнен алда келе жатқанын көрсетті. Бұл туралы Kazinform тілшісі USA Today басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бейсенбі күні жарияланған Bloomberg News/Morning Consult Pro сауалнамасы Дональд Трамп Солтүстік Каролина (11 пунк бойынша), Джорджия (7 пункт бойынша), Висконсин (6 пункт бойынша), Невада (5 пункт бойынша), Мичиган (4 пункт бойынша), Аризона (3 пункт бойынша) және Пенсильванияда (бір пункт бойынша) Джо Байденнен озып келе жатқанын көрсетті.

Сондай-ақ сауалнама әр штаттағы тоғыз сайлаушының алтауы 2024 жылы кімге дауыс беретіні туралы шешім қабылдағанда үміткерлердің экономика мен денсаулық сақтау саласындағы мақсатына баса назар назар аударатынын көрсетті.

Дональд Трамп экономика бойынша көш бастап келе жатқанымен, Джо Байден негізгі жеті штаттың бесеуінде бұрынғы президенттен денсаулық сақтау бойынша алда келеді.

Сауалнама 27 қараша мен 6 желтоқсан аралығында жүргізілді және статистикалық қателік көрсеткіші плюс-минус 3% шамасында.

АҚШ-тағы сайлау 2024 жылғы 5 қарашаға жоспарланғанын еске сала кетейік.

Дональд Трампқа сайлауға қатысуға рұқсат берілді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ