Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
МәдениетРуханиятҚоғам

Әлемнің 10 елінен келген скауттар көшпенділердің тұрмыс тіршілігімен танысуда

Ақмола облысында Nomads camp 2024» халықаралық скауттар слетінің салтанатты ашылуы өтті. Әзербайжан, Жапония, Ресей, Германия, Нидерланды, Филиппин, Пәкістан, Оңтүстік Корея, АҚШ және Швеция сияқты 10 елдің отрядтары табиғатта бос уақытын өткізуге келді.

Кездесудің негізгі идеясы – жастардың мәдениетаралық диалогын құру үшін Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен және басқа мемлекеттерден келген скауттарды бір шаңырақ астына біріктіру.

Бір апта бойы скауттар көшпенділер салтымен өмір сүреді. Ең алдымен командалар киіз үйлерді өздері орнатуы керек. Жеті күн ішінде олар қазақ ұлттық тағамдарының, бүркіт өнері мен халық қолөнерінің негіздерін меңгереді. Сонымен қатар этно-лагерь тұрғындары үшін кедергілер жолағы, арқан саябағы, өрмелеу алаңы, садақ ату сабақтары және ұлттық ойындар дайындалды.

Бағдарламада қатысушы елдердің интерактивті алаңдары қарастырылған, онда әр команда өз Отанының мәдениетін таныстырады.

Сәйкес жаңалықтар

Құрманғазы атындағы ұлттық халық аспаптар оркестрі қала тұрғындары мен қонақтарының ыстық ықыласына бөленді

Астаналықтар қаланың бас жоспарының жобасын талқылау ісіне қатысуға шақырылады

Ахмет Жұбанов – ХХ ғасырдың аса көрнекті тұлғасы