Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
МәдениетҚоғам

Душанбе қаласында «Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері» көрмесі өтті.

 Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Іс-шара Тәжікстан Республикасындағы Қазақстанның мәдениет күндері аясында ұйымдастырылды. Көрмеге ҚР Ұлттық музейі және Астана қаласы әкімдігінің музейлер бірлестігі дирекциясының қорынан жәдігерлер ұсынылды, деп хабарлайды oimaqnews.kz.

Көрменің негізін XVIII – XX ғасырлардағы қолданбалы өнердің бірегей заттары құрады. Жұртшылық назарына кілемдер, киізден жасалған бұйымдар, зергерлік өнер туындылары, ұлттық киімдер, музыкалық аспаптар мен ат әбзелдері ұсынылды.

Көрменің мақсаты – шетелдік көрерменді қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасымен таныстыру. Көрменің ашылу салтанатына Қазақстан мен Тәжікстанның үкімет мүшелері, саяси қайраткерлер, дипломатиялық корпус пен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Сәйкес жаңалықтар

Мәдениет және ақпарат министрлігі діни сауат бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Фермерлер отбасында өскен ол бала

Шымкентте 77 млн теңге қарызы бар жүргізуші ұсталды