Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Экономика

Вагондар паркін жаңартуды жүйелі түрде жалғастыруда

Көлік министрлігі отандық вагондар паркін жаңартуды жүйелі түрде жалғастыруда. Мәселен, “Астана – Семей” бағытында қатынайтын N121/122 жолаушылар пойызының құрамы жаңартылды.
“Арай Транс KZ” ЖШС жеке тасымалдаушысы үш жаңа жолаушылар вагонын сатып алды: екі плацкарт және бір купе.

Вагондар ауаны баптау жүйесімен, био-дәретхана кешендерімен, USB коннекторы бар гаджеттерді зарядтауға арналған розеткалармен және т. б. жабдықталған.

Биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында жеке тасымалдаушы 350 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады.

Сәйкес жаңалықтар

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: СЫР ӨҢІРІНДЕ КҮРІШКЕ ОРАҚ ТҮСТІ

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады

Автожолдардың сапасы қатаң бақылауда