Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

«Екі адам қаза тапқан жол апаты»: Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты тергеу аяқталып жатыр

Ішкі істер министрлігінің орынбасары Санжар Әділовтің хабарлауынша, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонованың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасының тергеу ісі аяқталуға таяды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазіргі уақытта соңғы кешенді автотехникалық сараптама нәтижесі күтіліп отыр.

ІІМ орынбасары журналистерге берген түсініктемесінде іс ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлімі бойынша тергеліп жатқанын атап өтті.

“Тергеудің негізгі әрекеттері дерлік аяқталды. Сараптама нәтижесіне сәйкес айып тағу немесе істі сотқа жолдау жөнінде шешім қабылданады”, — деді Санжар Адилов.

Аталған бап бойынша айыпталушы бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады және кейбір қызмет түрлерін атқару құқығынан айырылуы мүмкін.

Сәйкес жаңалықтар

Мемлекет тарапынан осындай бағдарлама бар екеніне өте қуаныштымыз

Біз тарихи оқиғаны ғана емес, тұлғаның ішкі рухани әлемін ашуды мақсат тұттық

Тәртіп пен әділдік – сенімді болашақтың негізі