Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиЭкономика

Ақмолалық астық Италияға экспортталды

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мәселелерін шешу мақсатында Ақмола облысының әкімдігі өз құзыреті аясында астықты жақын және алыс шетелге экспорттауға қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Биылғы ақпанда облыс әкімінің Эстония Республикасына жасаған жұмыс сапары аясында Ақмола облысы мен «Muuga Grain Terminal» астық терминалы арасында екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктерін ашып, өңір диқандары үшін Еуропа елдеріне астық экспорттауға жол ашты.

Ағымдағы жылы екі кәсіпорын жалпы көлемі 5,6 мың тонна астықты Италияға экспорттады. Оның ішінде «Содружество Трейд Восток» ЖШС Эстония аумағы арқылы 1,6 мың тонна өнім жөнелткен.

Астық және өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау бағытында экспорттаушылармен бірлескен жұмыс қарқынды жалғасуда.

Сәйкес жаңалықтар

«Заморозка и комиссии»: Bereke Bank прокомментировал жалобы клиентов

Присвоение и растрата чужого имущества – сегодня начнется суд по делу экс-главного редактора Orda.kz Гульнар Бажкеновой

В Казахстане возобновил работу Информационный штаб независимых наблюдателей