Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Экономика

Алматының ұлттық экономикадағы рөлі артып келеді

2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында Алматы елдің жетекші іскерлік және қаржы орталығы мәртебесін растады, деп хабарлайды Алматы қаласының экономика басқармасы.

Төрт айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,1%-ға өсті.
Экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күштері – көлік және қойма (+23,9%), құрылыс (+21,3%) және өңдеуші өнеркәсіп (+17,6%) болды. Осы кезеңде Алматы бюджетіне түсетін түсімдер 14,6%-ға артты.

2024 жылдың қорытындысы бойынша жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) 27 557 АҚШ доллары болып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,4%-ға артты. Бұл еліміздегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Алматы инвестиция, инновация және кәсіпкерлік белсенділік орталығы ретінде позициясын нығайтып келеді. Қаланың ЖӨӨ-нің елдің жалпы ішкі өніміндегі үлесі 2023 жылғы 21,1%-дан 2024 жылы 21,8%-ға дейін өсті. Бұл Алматының ұлттық экономикадағы рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді.

 

Сәйкес жаңалықтар

«Елорда Жастары» бағдарламасы: Астанада тұрғын үйге жеңілдетілген кредитті қалай алуға болады

zamandas_kz

Ақша жинау – байлыққа емес, еркіндікке апаратын жол

zamandas_kz

Қызылорда әуежайының жаңа терминалы қалай жұмыс істейді — фоторепортаж

zamandas_kz