Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Экономика

Алтын арзандап жатыр

Фото: Ұлттық банк

Бүгінде 1 грамм алтынның ресми құны – 33 835,57 теңге. Ұлттық банктің дерегінше, бұл кешегімен салыстырғанда 1% (355,14 теңге) төмен, деп хабарлады Telegram-дағы Data Hub арнасы.

Бағалы металл үшінші күн қатарынан арзандап жатыр. Осыған дейін 18 сәуірде оның құны тарихи жоғары деңгейге көтерілген: 1 грамм алтын – 34 546,96 теңге. Осы көрсеткішпен салыстырсақ, бағалы металл 2,1% (711,39 теңге) төмендеген.

Кеше алтынның әлемдік бағасы апталық ең төменгі деңгейге дейін, 2% төмендеген. Себебі Таяу Шығыстағы қақтығыс қаупі азайды.

Сәйкес жаңалықтар

Туристік бағыттар бойынша өңірлік сапарлар жалғасуда

Түркістан және Ақмола облыстарында әлеуметтік нысандар салынады

Елімізде цифрлық сауда инфрақұрылымы, электрондық төлемдер мен логистикалық сервистер дамып келеді