Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЭкономикаҚоғам

Қазақстанда автогаздың шекті бағасы бекітілді

фото: prompolit.info

Бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары бекітілді.

Энергетика министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы бұйрығымен республикадағы жанармай құю стансаларын тауар биржаларынан тыс ішкі нарыққа жеткізу жоспары аясында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары бекітілді.

1 литр үшін ҚҚС-ты есепке алғанда ең жоғары бөлшек сауда бағасы:

Астана – 76 теңге;
Алматы – 81 теңге;
Шымкент – 64 теңге;
Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облысы – 81 теңге;
Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары – 54 теңге;
Ақмола облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай, Қарағанды ​​облысы. – 76 теңге;
Жамбыл облысы – 71 теңге;
Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары. – 64 теңге;
Павлодар облысы – 74 теңге.
Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары – 76 теңге.

Облыс орталығынан шалғайдағы (200 шақырымнан астам) елді мекендер үшін де шекті бөлшек бағалар бекітілді.

Бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстан мен Түркия арасында ақпарат алмасу жеңілдейді

Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?

Қазақстан Қытайға өз өнімдерін жеткізуді арттыруға дайын — Әлихан Смайылов