Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЭкономика

Даниядан Ақтөбеге 148 бас ірі қара жеткізілді

Ақтөбе қаласындағы Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайдың ветеринариялық бақылау бекетіне Дания Корольдігінен қызыл дат тұқымды 148 бас ірі қара жеткізілді.

Қазақстанға жіберілгенге дейін жануарлар еліміздің ветеринариялық-санитариялық талаптарына сәйкес 21 күндік карантиндік бақылаудан өтті.

Қазіргі уақытта мамандар ілеспе ветеринариялық құжаттарды тексеруде. Келесі кезеңде жануарларға физикалық тексеру жүргізіледі. Бұл ретте жануарлардың денсаулық жағдайы, бірдейлендіру нөмірлері және ұсынылған құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тексеріледі.

Ветеринариялық бақылау нәтижелері оң болған жағдайда, ірі қара Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында орналасқан «Арыстанов» шаруа қожалығына жеткізіледі

Сәйкес жаңалықтар

Шавкат әзірге белгілі бір деңгейде қалып қойғандай көрінеді

Алматы метрополитені жолаушылардың жайлылығы үшін инфрақұрылымды жетілдіруде

Астаналық мергендер Азия чемпионатында 7 медаль жеңіп алды