Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиЭкономика

Елімізде 20,8 млн тонна астық бастырылды

Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда.

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 13,3 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 83%-ы жиналды. Нәтижесінде 20,8 млн тонна астық бастырылды.

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1,4 млн тонна майлы дақыл, гектарына 228,2 центнер өнімділікпен 2,5 млн тонна картоп және гектарына 307,2 центнер өнімділікпен 3,5 млн тонна көкөніс жинады.

Атап айтқанда, 324,1 ц/га өнімділікпен 428,5 мың тонна қырыққабат, 441,0 ц/га өнімділікпен 1000,9 мың тонна пияз, сондай-ақ 287,9 ц/га өнімділікпен 355,2 мың тонна сәбіз жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтуде.

Сәйкес жаңалықтар

Национальное законодательство и цифровая трансформация юстиции

Ерлан Карин: гармонизация законодательства олицетворяет начало нового этапа развития страны

ЦБД показал, как создаются вирусные дипфейки с участием знаменитостей