Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
СаясатЭкономика

Каспий түбімен энергетикалық кабель тартылмақ

Фото: Энергетика министрлігі

Ташкент қаласында Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Энергетика министрлері меморандумға қол қойды, деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Ташкент халықаралық инвестициялық форумы аясында Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Энергетика министрлері Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тартуды көздейтін меморандумға қол қойды. Құжат қатысушылардың Әзірбайжан, Қазақстан және Өзбекстаннан техникалық және экономикалық тұрғыдан ең оңтайлы жасыл энергия саудасын іске асырып, Каспий теңізінің түбіне және басқа елдердің аумағына жоғары вольтты кабель төсеу арқылы энергия жүйесін іске қосу мүмкіндігін зерделеуге ниетті екенін көрсетеді. Ондағы мақсат – Еуропаға жасыл энергияны экспорттау.

Халықаралық трансмиссиялық дәліздерді дамыту және ЕуроОдақ елдеріне жасыл энергияны сату үшін жобалық бизнес-модель әзірленеді, – деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстан мен Түркия президенттері Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу рәсіміне қатысты

Президент Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады