Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Экономика

Qazaq Air вьетнамдық инвесторға сатылады

фото:QazaqAir
«Samruk- Kazyna» компаниясы Qazaq Air компаниясын вьетнамдық инвесторға сату бойынша келісімді қыркүйекте аяқтамақ.

Бұл туралы көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді.

«Samruk- Kazyna» мен SOVICO өкілі арасындағы келісім процесі кесте бойынша жүріп жатыр. Қыркүйекте келісімді жабу жоспарланып отыр»-деді вице-министр.

Бұған дейін Көлік министрі келісім сомасы 2 млрд теңгені құрайтынын айтқан болатын. Сондай-ақ шетелдік инвесторға ел ішінде және шетелге жолаушы тасымалдау үшін кемі 20 әуе көлігін тіркеу талабы қойылған. Инвестор 20 емес, 50 әуе көлігін тартатынын мәлімдеген.

Сәйкес жаңалықтар

Өнеркәсіпте индустриялық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен 30 мыңнан астам жұмыс орны құрылады

Қазақстандықтар енді үсті-үстіне несие ала алмайды – Ұлттық банк төрағасы

Теміржол және автомобиль жолдарын салу мен қайта жаңарту іскерлік белсенділікті едәуір жақсартады