Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЭкономикаҚоғам

Тауарды негізсіз қымбаттатқан Small, Metro мен Esentai жазаланды

фото: yandex.kz

Қазақстанда жарты жылда заң бұзған 2 228 сауда субъектісі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жыл басынан бері Сауда комитетінің өңірлердегі департаменттері сауда заңнамасын бұзғаны үшін 2 357 әкімшілік іс қозғады. Нәтижесінде 2 228 әкімшілік қаулы қабылданып, 381 сауда субъектісіне айыппұл салынса, құқық бұзушылықты алғаш жасаған кәсіпкерлік субъектілеріне 1 847 ескерту берілді, деп мәлімдеді Сауда комитеті.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биылғы жылдың 6 айында мемлекеттік бақылау нәтижелерінің көрсеткіші 2 еседен астам өсті. Заң бұзушылықтың басым бөлігі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 2 бабы бойынша байқалып отыр. Бірі – ӘМАТ тауарларына сауда үстемесін арттыру (ӘҚБтК-нің 204-4-бабы), екіншісі – баға белгілерінің болмауы немесе әртүрлі бағаны қолдану (ӘҚБтК-нің 193-бабының 4 және 5-тармағы), – деп толықтырды ведомство.

Сауда үстемесін арттырғаны үшін Алматы қаласындағы республика көлемінде бірнеше филиалы бар Small және Metro ірі сауда желілері, сондай-ақ мегаполистегі аса ірі премиум-класстағы Esentai Gourmet гастрономы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сәйкес жаңалықтар

Қырғызстанға тауар экспорты арта түсті

ҰҚК мұнай өнімдері контрабандасының жолын кесті

Қазақстан әйелдердің экономикалық белсенділігі бойынша әлемдік үздік 30 елдің қатарына кірді — TURKWOMEN FORUM