Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиЗакон и порядокЭкономикаОбщество

Қырғызстанмен шекарада карантиндік зиянкестер анықталған алхоры мен шие легін кіргізуге жол берілмеді

Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық инспекциясы еліміздің аумағына карантиндік зиянкестермен залалданған жеміс өнімдерін кіргізуге жол бермеді.

«Қордай» автомобиль өткізу бекетінде жүргізілген фитосанитариялық бақылау барысында Қырғыз Республикасынан келген автокөлік құралдарынан қауіпті карантиндік нысандар анықталды.
Атап айтқанда, салмағы 800 келі болатын жаңа піскен алхоры партиясынан Комсток сымыры анықталды. Ал жалпы салмағы 1 450 келіні құрайтын шие жемісінен азиялық жеміс шыбыны табылды.

Аталған карантиндік зиянкестер ауыл шаруашылығына елеулі қауіп төндіреді. Олар таралған жағдайда жеміс дақылдарын зақымдап, еліміздің бау-бақша шаруашылықтарына айтарлықтай залал келтіруі мүмкін.

Фитосанитариялық бақылау нәтижесінде залалданған өнімдердің барлығы қауіпті деп танылып, кері қайтарылды.
Құқық бұзушыларға қатысты әкімшіліктік шара қолданылып, айыппұл салынды.

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті еліміздің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қауіпті карантиндік нысандардың ел аумағына енуі мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік шекарада күшейтілген фитосанитариялық бақылауды жалғастыруда.

Сәйкес жаңалықтар

«Долина ЦОДов»: Правительство Казахстана и IT-гиганты Firebird и NVIDIA подписали пакет соглашений в области ИИ на $10 млрд

zamandas69@mail.ru

Опыт Казахстана по внедрению e-Qyzmet представлен на международной платформе OPSI OECD

Ақтауда мердігер мекеме жасанды қызғалдақтарға қатысты түсініктеме берді