Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЭкономика

Жыл сайын автомобильдік транзиттік тасымалдау көлемі артып келеді

Өткен 2024 жылмен салыстырғанда ел бойынша автомобильдік транзиттік тасымалдау көлемі 39 пайызға артып, шамамен 5 миллион тонна жүкті құрады.

Бұл ретте Қытайдан транзит 67%-ға өсті (1,5 млн. тоннадан 2,5 млн. тоннаға дейін). Транзиттік тасымалдардың динамикасын сақтау және одан әрі өсуін қамтамасыз ету үшін Министрлік келесі шараларды жүзеге асырады:

– Түркия, Ресей, Латвия, Литва -елдерімен  шетелдік рұқсат бланкілерін электронды форматына көшу.

– Португалия және Даниямен автомобиль тасымалы бойынша жаңа Үкіметаралық келісімдер жасау арқылы тасымалдау географиясын кеңейту.

Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін Қазақстан қазіргі уақытта 42 Үкіметаралық келісім жасасты, олардың негізінде министрлік жыл сайын рұқсат бланкілерімен алмасады.

Сәйкес жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің көлік-транзиттік әлеуетті дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді

Атырауда Atyrau Creative Hub креативті хабы ашылды

2024 жылдың басынан бері 10,1 мыңнан аса этникалық қазақ қандас мәртебесін алды