Эквадорлықтар қазақтың ұлттық ойынына қызығып жүр
Тоғызқұмалақ ойынын Эквадорда сүйіп ойнайтын азаматтар бар. Кейінгі бір жылда халық өз еркімен үйірме ашып, қазақтың ойынын дәріптеп жүр.
Хуан Карлос тоғызқұмалаққа қызыққаны сонша, арнайы тақтасы болмаса да, ойнаудың амалын тапқан. «Өз тақтам болмаған соң, жапонның го ойынының тастарын алдым да, ойын карталарын отау етіп тізіп қойдым. Ал ақ тастарды тұздықты белгілеу үшін қолданамын. Бір жағына қызыл карталарды, екінші жағына қара карталарды қойып, кімнің бастаушы, кімнің қостаушы екенін де шешуге болады», дейді ол. Бұл елге тоғызқұмалақты әкелген – колумбиялық Херман Гонзалес есімді азамат. Олар ойынымызды Эквадордағы жалпыхалықтық ойын еткісі келеді екен. Талабымыз да, талантымыз да бар, тақтамыз жоқ дейді.