Елдегі ірі кәсіпорындарға 5 жыл сайын технологиялық және экологиялық аудит жүргізіледі

0
247
Фото: world-nan.kz

Енді елімізде ірі өндіріс кәсіпорындары 5 жыл сайын технологиялық және экологиялық аудит жүргізуі керек. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында айтты.

Президент кәсіпорындарда жұмысшылардың өндірісте мертігуі және қазаға ұшырауы көбейгенін айтып өтті.

Үкімет кәсіпорындардың технологиялық және экологиялық ахуалын, денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін батыл шаралар қабылдауы қажет. Сондықтан ірі өндіріс кәсіпорындары 5 жыл сайын технологиялық және экологиялық аудит жасауы керек. Бұл талап инфрақұрылым саласындағы кәсіпорындарға да қойылуға тиіс, – деді президент.

Сондай-ақ кен өндіру өнеркәсібі елде жақсы дамығанын, бұл сала ұлттық экономиканың өсімін қамтамасыз ететін табыс көзі екенін айтып өтті.

«Болашақта да солай болуға тиіс. Көптеген металдың әлемдік нарықтағы бағасы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Соған қарамастан ірі өндіріс орындарына жақын тұратын жұрттың наразылығы күшейіп барады. Олар экология нашарлап, денсаулыққа зиян келтіріп жатқанын айтып, шағымданып жатыр», – деді Тоқаев.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ