Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяСпорт

Елдос Сметов жартылай финалға шықты

Фото: Сали Сабиров

 – Дзюдодан ерлер арасында Елдос Сметов Олимпиада ойындарының жартылай финалына жолдама алды.

Вэй Токиода өткен соңғы Олимпиадада күміс жүлдегері атанған болатын. Алайда бұл жолы оның жолын Сметов бөгеді. Вэй өз кезегінде жұбаныш раундына қатысады.
Сметовтың жартылай финалдағы қарсыласы сәлден кейін анықталады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Елдос Сметов алғашқы белдесуінде қарсыласынан басым түскен еді.

Сондай-ақ Олимпиаданың алғашқы күні ел қоржынына алғашқы медаль түсті. Оны пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сәтпаев пен Александра Ле жеңіп алды.

Сәйкес жаңалықтар

Аскер Бейсенов назначен заместителем министра обороны Казахстана

Президент Казахстана высказался о модернизации энергетических объектов

Семьи погорельцев заселяют во временное жильё в Петропавловске