Еліміз Pfizer-дің 300 мың дозасына тапсырыс береді

Қазақстан күзгі эпидемиологиялық кезеңге балалар мен жүкті әйелдерге Pfizer вакцинасының шамамен 300 мың дозасына тапсырыс беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты деп хабарлады turkystan.kz.
0
265

«Бүгінгі таңда біз Pfizer-дің қалған 106,5 мың дозасын егіп жатырмыз. Яғни бұл вакцина жүкті әйелдер мен балаларға және Pfizer-дің бірінші компонентін алған азаматтарға салынады. Балалар мен жүкті әйелдер үшін күзгі кезеңге қосымша 300 мыңға жуық дозаға тапсырыс беріледі», – деді министр.

Айта кетсек, бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 млн 630 мың 930 дозасы бар. Оның ішінде 329 мың – QazVac, 1,2 млн – Sinopharm, 106,5 мың – Pfizer.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ