Елорда прокуратурасы мемлекетке 55 жер телімдерін қайтарды

0
121

Астана қаласының прокуратурасы мемлекеттің мұқтаждығы үшін жер
телімдерін алу туралы сот актілерінің орындалуына талдау жүргізді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірі ақшалай өтемақы
алып, қаланы абаттандыру үшін 50 жер телімдерін мемлекетке беру
туралы сот шешімін 2 жыл бойы орындамаған.
Тағы бір жеке тұлға өтемақы алып, 4 мың балаға білім беруге
арналған мектеп салу үшін жер телімін мемлекетке беру туралы сот
шешімін бір жыл бойы орындамаған.
Жоғарыда аталған сот актілері прокурорлық қадағалау актісі негізінде
орындалып, жер телімдерін мемлекетке беру жүзеге асырылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз