Елордада Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

0
126
 фото:ашық дереккөз

13-17 желтоқсан аралығында әртүрлі көрмелер, концерттер, сурет байқаулары, турнирлер өтеді.

Астанада Тәуелсіздік күніне орай түрлі мерекелік және ресми іс-шаралар, оның ішінде көрмелер, концерттер, сурет байқаулары, турнирлер мен спартакиадалар өтеді, деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

13-15 желтоқсанда «Жансая» орталығында патриоттық әндер, өлеңдер, суреттер байқауы өтеді.

14-16 желтоқсанда «Барыс-Аренада» жүзуден «ASTANA OPEN» ашық республикалық турнир өтеді.

14 желтоқсан күні сағат 11.00-де «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешені «Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыбында іс-шара ұйымдастырады.

15 желтоқсан күні сағат 11.00-де Астана мемлекеттік архивінде «Тәуелсіздік жолында» архивтік құжаттарының көрмесі өтеді.

Сонымен қатар «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мерекелік концерт көрсетіледі.

15 қазан күні сағат 10.00-де «Арғымақ» ат-сауықтыру кешенінде ат спортынан жарыстар өтеді.

15 желтоқсан күні сағат 12.00-де «Астана» СК-да мүкіс спортшылар арасында шағын футболдан Астана қаласының Ашық Кубогы өтеді.

15 желтоқсанда «Beeline Arena» спорт кешенінде алғаш рет «ІВА Чемпиондар түні» — «Astana Arlans» бокстан турнир өтеді.

15-20 желтоқсан аралығында ұлдар мен қыздар арасында қол добынан Астана Кубогы және ұлдар арасында гандболдан ашық турнир басталады.

16 желтоқсан күні сағат 14.00-де қуыршақ театры көрермендерге С.Жүнісовтің «Атамекен» спектаклін ұсынады.

Сол күні сағат 18.00-де.М. Горький сахнасында «Әлия» спектакль-драмасы өтеді.

16-17 желтоқсанда садақ атудан Астана кубогы өтеді. 17 желтоқсанда Сарыарқа ауданының тұрғындары үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде (Көктал 2, Баршын көшесі, 30/2 ) Спартакиада өтеді.

Еске сала кетейік, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында елордада «10 игі іс» ұранымен әлеуметтік қайырымдылық шаралары өтіп жатыр. Басты мақсат – қала мен оның тұрғындары үшін игі іс жасау.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ