Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Елордалық бизнес-орталықтардың бірінде алаяқтық сall орталық  жойылды

www.istockphoto.com

ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері елордалық бизнес-орталықтардың бірінде алаяқтық сall орталық  жойылды. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.

Қаскөйлер өздерін “Техносмарт”, “Байзон”,  Like me shop  интернет-дүкендерінің қызметкерлері ретінде таныстырып, көліктер мен пәтерлер сияқты ұтыстар туралы хабарлап, оларға салық төлеу қажеттігін айтқан.

Жедел  шараларды өткізу кезінде кеңсенің алты қызметкері ұсталды. Олардың барлығы Қазақстан Республикасының азаматтары. Жеті ноутбук, маршрутизатор, Wi-Fi роутер тәркіленді.

Сонымен қатар Жетісу облысында полицейлер ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп, интернет-алаяқтық жасау үшін sim-box құрылғысын пайдалану фактісін анықтады.

Тінту барысында 96 слоты бар жеті sim-box құрылғысы, қазақстандық ұялы операторлардың 50 мыңнан астам sim-картасы, жеті ұялы телефон, екі ноутбук, сондай-ақ Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған деп болжанған ИЖ-53 маркалы екі пневматикалық тапаншасы және төрт армиялық каска тәркіленді.

Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сәйкес жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупованы қабылдады

Қазақстан ДЖДҰ-ның 93-ші Бас сессиясында аусылдан таза ел мәртебесін алды

Олжас Бектенов экономиканы дамыту жөнінде кеңес өткізді