Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Заң мен тәртіпҚоғам

Емханадан 341 млн теңге жымқырған екі бухгалтер сотталды

Фото: ашық дереккөзден
Алматы қалалық емханасының бухгалтерлері сотталды, деп хабарлайды oimaqnews.kz.

Антикор хабарламасы

– Алматы қаласы Медеу ауданының сотымен қалалық емхананың бухгалтерлері К. Хангиреева мен А. Туғанбаева сотталды. Олар ауруханада іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны және басқа да төлемдерді заңсыз аудару арқылы 341 млн теңгеден астам сомада бюджет қаражатын жымқырған, – делінген хабарламада.

Сот үкімімен бас бухгалтер Хангирееваға 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Ал оның қарамағындағы қызметкер Туғанбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сәйкес жаңалықтар

«1-3 градус үсік түседі»: 8 қыркүйекке ауа райы болжамы жарияланды

Елордада бала күтімімен отырған аналар арасында Арбалар шеруі өтті

Президент аруларды – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады