Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік жаңа жылдық концерт өтеді

31 желтоқсан күні түстен кейін Астананың сегіз орнында қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік жаңа жылдық концерттер өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Алматы ауданында Тәуелсіздік даңғылы бойындағы Оқушылар сарайының аумағында, Байқоңыр ауданының Ататүрік саябағының аумағында, Нұра ауданындағы Орталық саябақта және Сарыарқа ауданының «Көктал» саябағында сағат 12.00-ден 13.30-ға дейін мерекелік концерттік бағдарламалар өтеді.

Сарайшық ауданында Промышленный тұрғын алабында жаңа жылдық бағдарлама сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін өтеді.

Жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қаланың үш орнында мерекелік іс-шаралар өтеді.

31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін қалалық алаңда (қала әкімдігінің алдында), «Қазақ елі» монументі мен ЭКСПО алаңының аумағында қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді.

Іс-шараларға отандық эстрада жұлдыздары Алмас Кішкенбаев, Ауree, Еркеш Хасен, Бейбіт Қорған, Қайрат Баекенов, Зарина Омарова, Ильхан Ихсан, Құрмаш Махан, Маржан Арапбаева, Әлішер Кәрімов, сол сияқты Заман және Меломен топтары және басқа да әртістер қатысады.

Сәйкес жаңалықтар

Дәстүрлі мәдениет пен музыканы сақтау және дамыту – ұлттық мұраны келер ұрпаққа насихаттаудың бірегей жолы

Республикалық экожүйенің бір бөлігіне айналады

Жыл сайын автомобильдік транзиттік тасымалдау көлемі артып келеді