ЕУРО-2024: БАҚ өкілдерін тіркеу басталды

0
118
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Биыл футболдан Германия Федеративтік Республикасында болатын Еуропа чемпионатына бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тіркеу басталды.

Журналистер аккредитацияға өтініштерді Еуропа футбол одағы қауымдастығының порталына жібере алады. Медиа портал 29 қаңтардан бастап ашылған.

ЕУРО-2024 финалдық турнирі 14 маусым мен 14 шілде аралығында болады. Қатысуға өтініш білдіргісі келетін БАҚ өкілдері өз өтініштерін УЕФА медиа порталы арқылы жібере алады.

БАҚ аккредитациясына өтініш қабылдаудың соңғы мерзімі – 18 сәуір.

Өтінім беру туралы толық ақпарат УЕФА медиа порталында жарияланған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ