Газеттер әлі де бәсекеге қабілетті – Ысқақ Егембердиев

0
149

Елордада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өңірлік мерзімді басылымдар форумы өтіп жатыр. Екі күндік форум аясында Қазақстандық БАҚ саласының мамандары тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи медиакеңістіктегі басты мәселелер бойынша пікірлерін ортаға салады.

 

БАҚ саласының майталмандары бас қосқан форумда әр түрлі маңызды тақырыптар қозғалды. Мысалы, «Айқын-Литер» ЖШС директоры Ысқақ Егембердиевтің айтуынша, газеттер әлі де бәсекеге қабілетті. Қажетті менеджменттің тетіктерін білу арқылы оқырман санын әлдеқайда көбейтуге болады.

«Кез-келген газетке жарнама берген тұтынушы ең алдымен сол газеттің сапасы мен санына мән береді. Әлеуметтік желідегі парақшалар қаншалықты жылдам болса да газеттердегідей ақпаратты жан-жақты толыққанды бере алмайды. Сол себепті газет пен сайттың ұжымы бөлек. Олар бір-біріне бағынбайды, сондықтан да олар дербес», деді ол.

Спикер монетизация жайына да тоқтала кетті. Мысалы, YouTube-тегі монетизация лонгрид форматындағы материалдар арқылы жүзеге асады.

Сондай-ақ ол трафик сату сынды теорияларды практикада қолдану туралы сөз етті. Маркетинг пен менеджментті дұрыс қолдану арқылы жарнамадан жылына 20 миллион қаражат тауып отырғанын да жасырмады.

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ